Алматыда Назарбаевтар резиденциясы маңында күзет күшейді: себеп неде?

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы Дулати көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді.
Әсіресе Тұңғыш Президент саябағының үстіңгі бөлігінде орналасқан Назарбаевтар әулетінің бұрынғы резиденциясы маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Полицейлер шамамен әр 200 метр сайын тізіліп күзетке қойылған.
Резиденция маңына көліктердің өтуіне рұқсат жоқ, ал фото немесе видео түсіруге мүлде тыйым салынған. Кешеден бері бұл аумақты арнайы қызмет өкілдері күзетіп жүр, ал бүгін олардың саны айтарлықтай көбейген. Сонымен қатар байланыс сапасы да нашарлап кеткен – сигнал әлсіреп тұр.
«Орда» порталының журналисі резиденция жаққа бет алған катафалк тәрізді көлікті байқап қалған. Тілшілер нысанға жақындауға тырысқан сәтте, күзет қызметкерлері оларға: "Не істейсің? Ішінде адам бар. Айта алмаймын", - деп дөрекі түрде жауап берген.
Осы уақытта Кенсай зиратының маңында бірнеше патруль көлігі көзге түсті. Айта кетейік, бұл – елге танымал тұлғалар жерленген белгілі зират.
Полиция «Орда» порталының журналистерін ұстап, түсірілген барлық материалдарды бірден өшіруді бұйырған. Алайда Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыда екенін, ол «Совминкаға» алғашқы жұбайы Сәра Назарбаевамен қоштасу үшін келгені хабарлаған еді. Ресми емес деректерге сүйенсек, Сара Алпысқызын тыныс алу аппаратынан ажыратқан.