Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:20

Алматыда полицейлерге қатысты «қалтаға есірткі салды» деген күдік туындады

2
Фото: скриншот

Алматыда куәгерлер түсірген бейнежазба қоғамда талқыға түсті. 

Видеоның 25-секундында полицейлердің бірі жас жігіттің қалтасына әлдебір затты салып жатқандай көрінеді. Осы жайт әлеуметтік желілерде «қалтаға есірткі салып жіберді ме?» деген күдік туғызды.

Бұл жағдайға байланысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Ресми ақпаратқа сәйкес, полицияны шақыру пәтерақыны төлемеуден туындаған. Екі азамат ұсталған: олардың бірі кәмелет жасқа толмаған, ол кейін ата-анасына тапсырылған. Ал ересек жігіт мас күйінде болып, тәртіп сақшыларына қарсыласқан.

Полиция «есірткі салып жіберді» деген қауесетті жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, видеодағы көрініс – инспектордың жерге түсіп кеткен затты иесіне қайтарып беру сәті ғана.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиға әлеуметтік желілерде әлі де қызу талқыланып жатыр.

Тегтер: