Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:09

Алматыда сейсмикалық қауіпті аумақтарда тұрғын үй салуға шектеу қойылуы мүмкін

Сілкінісі
Фото: ашық дереккөз

Сенат отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов жаңа Құрылыс кодексінде сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты арнайы нормалар енгізу жоспарланып отырғанын айтты.

Оның сөзінше, құрылыс жобаларын әзірлеу және аумақтарды жоспарлау кезінде сейсмикалық микрозоналау карталары міндетті түрде ескерілмек. Егер Алматы қаласындағыдай жер қыртысының жарықтары немесе аса қауіпті аймақтар анықталса, мұндай жерлерде тұрғын үй салуға тыйым салынады.

Қауіпті аумақтарды көгалдандырып, ол жерлерде саябақтар, скверлер мен демалыс аймақтарын орналастыру көзделіп отыр.

Айта кетейік, Алматыда жиі жер сілкініп тұрады. 23 желтоқсан күні таңертең Каспий теңізінде жер сілкінісі болды. Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығы таратқан мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 5,3, энергетикалық класы 13,1 болған. Эпицентр 41,27° солтүстік ендік пен 53,04° шығыс бойлық координаттарында орналасқан.

 22 желтоқсанда да Алматыда жер сілкініс болғаны хабарланды.