17:48, 26 Маусым 2024
Алматыда тағы да автобус апаты болды
Алматыда автобус апатынан 1 адам қаза тауып, тағы 16 адам зардап шекті. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Алмалы ауданында 14 сағат 20 минутта болған. Қазір аталған іс бойынша, қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалғаны айтылды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, KIA маркалы автомашинаның жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, "City-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін № 18 бағыттағы автобуспен соқтығысуға жол беріп, кейіннен кедергіге соғылған. Апат салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінді, тағы бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз