Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 24 Қаңтар 2024

Алматыда тағы екі балдық жер сілкінісі сезілді

жер сілкінді
Фото: из открытых источников

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, жер сілкінісі 24 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 02.38-де тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде Қытайда орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,3. Магнитудасы – MPV 5,5. Эпицентрдің координаттары 41,06° солтүстік, 78,51° шығыс. Тереңдігі бес шақырым. Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда екі балл», - делінген хабарламада. дейді.

Кейінірек Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қытайда сағат 05.50-де жерасты дүмпулері қайтадан тіркелген.