Алматыда такси жүргізушісі үш досымен жабылып көлікте қыз зорлаған

Алматыда Жетісу ауданында төрт жігіт көлікте қыз зорлаған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Жәбірленуші түнде таксиге отырған. Ал ол түскенде жүргізуші көлікте заттарының қалып қалғанын айтқан. Бойжеткен оларды алуға қолын созған бойда, жүргізуші оны салонға итеріп жіберіп, зорлаған. Такси жүргізушісі ғана емес, оның достары да бұл іске қатысқан. Бұл нұсқаны полицияға алматылық тұрғын айтып берді. Тәртіп сақшылары топтасып зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер он екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзірге құқық қорғау органдары олардың біреуінің ғана кім екенін анықтай алды.
«Осы факті бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап жатыр. Қылмысқа басқа да қатысушыларды ұстау шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді полициядағылар.