Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:56

Алматыда тұмаумен ауырғандар арасында балалар көп

Ауруханадағы бала
Фото: ЖИ

Алматы қаласында жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бойынша маусымдық өсім байқалады. 

Сонымен қатар қазіргі көрсеткіштер бақылау деңгейінен төмен және әдеттегі эпидемиологиялық маусым шегінде қалып отыр.

Статистика қандай?

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, эпидмаусымның жетінші аптасында 15 050 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл:

  • алдыңғы аптамен салыстырғанда 3,5%-ға төмен (15 594 жағдай);

  • өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32,5%-ға аз (21 779 жағдай).

Ауырғандардың 54,7%-ы – балалар. Жалпы 8 234 жағдай тіркелген.

Мектеп оқушылары арасында бір апта ішінде 155 мектепте 458 жағдай анықталған. Бұл қаладағы білім беру ұйымдарының 44,8%-ын қамтиды. Оқушылар арасындағы сырқаттанушылық шекті деңгейден (10%-ға дейін) аспайды.

Қандай вирустар таралуда?

Қалалық департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, Алматыда:

  • тұмаудың A/H3N2 түрі;

  • риновирус;

  • парагрипп;

  • аденовирус;

  • маусымдық коронавирус

тарап жатыр.

Тұмаудың A/H3N2 түрі бойынша 83 расталған жағдай тіркелген. Олардың барлығы екпе алмаған адамдар. Пациенттерге тиісті ем тағайындалып, жағдайлары қанағаттанарлық.

 

Тегтер: