Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:25

Алматыда жеке тұрғын үй өртенді

Өрт
Фото: ТЖМ

 7 маусымда Алматы қаласының Медеу ауданында ағаштан салынып жатқан жеке тұрғын үйде өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.  

Оқиға орнына арнайы штаб ұйымдастырылды. Алдын ала бағалау бойынша, өрттің аумағы шамамен 600 шаршы метрді құрайды. Өрт сөндірушілер үйден үш газ баллонын шығарып, мүмкін болатын жарылыстың алдын алды.

«Өрт туралы кеш хабарлау салдарынан жалын кеңінен тарады. Өртті сөндіру ағаш үй болғандықтан қиынға соғып отыр», — дейді өрт сөндірушілер.

Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында болған өрт кезінде бес бала қаза тапқан еді.

Тегтер: