15:13, 31 Қаңтар 2026
Алматыда ҚҰҚПУ ғимаратының бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы қаласының прокуратурасы жүргізген қадағалау барысында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (ЖенПУ) ғимаратының бір бөлігі заңсыз жекешелендірілгені анықталды.
Жалпы ауданы 208 шаршы метрді құрайтын ғимаратты прокуратура талап арызы негізінде сот келісімшартты жарамсыз деп таныды.
Сот шешімі заңды күшіне енді. Қайтарылған активке қатысты қазіргі таңда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті пайдалану мен иеліктен шығарудың заңдылығына қатаң бақылау жүргізілетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін ҚБТУ ғимараты мемлекет меншігіне өткені жөнінде хабарлама тараған болатын.