11:14, 17 Қазан 2024
Алматыда жер сілкінісі сезілді
Алматыда 17 қазан түнде жер сілкінісі сезілді. ТЖМ мәліметінше, 17 қазанда сағат 03.23-те жер сілкінісі тіркелген.
Эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан.
"Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.