Бүгін, 15:15
Алматыда жер сілкінісін дер кезінде хабарламаған шенеуніктер түрмеге қамалды
2024 жылдың қаңтарында Алматыда болған жер сілкінісі кезінде автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесі дұрыс жұмыс істемей, тұрғындар зілзала туралы уақтылы ақпарат алмаған.
Тергеу нәтижесінде «TNS-INTEC» компаниясының бас директоры сапасыз жабдық жеткізіп, бюджет қаржысын жымқырғаны анықталды.
«Нәтижесінде, жабдықты қабылдау кезінде немқұрайлық танытқаны үшін Алматы төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш орынбасары мен жабдықтың сапасына бақылау жүргізбеген техникалық қадағалау өкілдері қылмыстық жазаға тартылды», - деді прокуратура.
Сот үкімімен кінәлілердің барлығы бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.