Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:14

Алматыда жол апатынан үш адам қаза тапты

Р
Фото: zakon.kz, t.me/kris_p_almaty_kz

Алматыда Әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкелген жол апаты болды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соғысқан.

– Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Меңдіқұлов көшесі қиылысында қарсы қозғалыс жолағына шығып, шығыс бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соғысқан, – делінген хабарламада.

Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал Zeekr жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Жетісу облысында төрт көлік соғысқан жол апаты тіркелген еді.

Тегтер: