Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:51

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып, қаза тапты

1
Фото: скриншот

 Әл-Фараби даңғылында тағы бір қайғылы оқиға орын алды. Әйелді көлік қағып, ол сол жерде көз жұмды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, апат 25 наурыз күні түнгі уақытта болған.

«Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесінің қиылысында жолды кесіп өтпек болған әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты», – делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін де сол көшеде үш адам қаза тапқан болатын

Айта кетейік, 21 наурыз күні түнде дәл осы Әл-Фараби даңғылында тағы бір жол апаты болған еді. Zeekr маркалы электрокар батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соғысқан. Нәтижесінде Mercedes-тің жүргізушісі және екі жолаушысы – 22 және 20 жастағы екі бойжеткен – оқиға орнында қаза тапқан. Zeekr жүргізушісі  жарақат алып ауруханаға жеткізілген.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Тегтер: