Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:05

Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жол апаты
Фото: ашық дереккөз

Алматыда әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің жол қозғалысы ережелерін бұзу, адам өліміне әкелу бабы бойынша тергелуде. Бұл бап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Неліктен күдікті уақытша ұстау изоляторында емес?

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жол апаты кезінде жарақат алған және қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Ол полицияның күзетінде.

Дәрігерлер оның жағдайы тұрақталғаннан кейін күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамау жоспарланып отыр.

Тергеу барысы

Полиция барлық қатысушылардың жеке басы анықталғанын хабарлады.

Оқиға орнындағы және жеке камералардағы бейнежазбалар тәркіленіп, зерттелуде. Сонымен қатар жүргізушінің мас күйде болған-болмағанын анықтау үшін сараптама тағайындалған.

Бұдан бөлек, өзге де ықтимал құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік істер қозғалды.

Қалалық полиция департаменті бұл істің тергеуі ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.

Тегтер: