Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 12:45

Алматыдағы автобус апаты: сотталушы өз кінәсін мойындады

автобус апаты
Фото: ашық дереккөз

Алматының Алмалы аудандық сотында маусым айында болған автобус апатындағы адам өліміне қатысты оқиғаға қатысты ашық сот отырысы басталды.

 Бұл апатта бір адам қаза тауып, 25 жолаушы жарақат алған еді. Бүгін сот отырысы аясында прокурор айыптау актісін оқыды.

Сотталушы С.-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша айып тағылды.  Бұл баб бойынша  бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мемлекеттік айыптау бойынша, 2024 жылғы 26 маусымда «Киа Спортаж» көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып ол қозғалысы ережелерінің 13.101 тармағын бұзғанын,  2.4 жол белгісін елемегенін салдарынан  Мақатаев көшесіне шығып кетіп, автобуспен соғысқанын айтты.

«Жол апатынан кейін автобус инерция арқылы бағдаршамның нысанына соғылды, содан кейін тротуарға шығып, дүкен ғимаратына да соғылды, нәтижесінде автобустың бір жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының жол ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққанын баса айтты. Осылайша, оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылық ретінде сараланады.

Сараптама көрсеткендей, сотталушы сағатына 20 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Сотталушының көлік жүргізу тәжірибесі тоғыз жыл. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Ол барлық зардап шеккендерден көпшілік алдында кешірім сұрады.

Сонымен қатар, сотталушының адвокаты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушының туыстары барлық жәбірленушілермен кездесіп, келтірілген шығынды толығымен өтегенін айтты.

Еске сала кетейік, KIA көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, 18-бағыттағы автобуспен соғысқан. Апат салдарынан 25 адам зардап шекті, бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккендердің арасында 14 пен 16 жас аралығындағы үш жасөспірім бар.