Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:31

Алматыдағы автосервистегі өрт сөндірілді

өрт
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласында орналасқан автосервис аумағында шыққан ірі өрт төтенше жағдай қызметтерін әбігерге салды.

Бостандық ауданындағы Нұр-Алатау шағынауданында болған оқиға кезінде құтқарушылар жедел әрекет етіп, жалынды бір сағаттың ішінде толық сөндірді.

Өрт 18 наурыз күні Болтрикова көшесінде орналасқан автосервис ғимаратында тұтанған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы бөлімшелер оқиға орнына жеткенде ғимарат ішінде жалын байқалған. 

Өрт жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралу қаупінде болды. Алайда өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп тілсіз жаудың таралуына жол берілмеді.

Құтқарушылар өртті сөндіру барысында гидранттарға автоцистерналарды қосып, үздіксіз су жеткізуді ұйымдастырды. Сонымен қатар арнайы жедел штаб құрылып, бірнеше учаске бойынша сөндіру жұмыстары қатар жүргізілді. Нәтижесінде өрт қысқа уақыт ішінде локализацияланып, артынша толық жойылды.

Министрлік мәліметінше, автосервис аумағында тұрған электромобильдерге де қауіп төнген. Соған қарамастан, өрт сөндірушілер тоғыз автокөлікті аман алып қалды.

Ең бастысы – оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Тегтер: