Кеше, 12:55
Алматыдағы қонақүй мейрамханасында қазақ тіліндегі мәзір жоқ
Swissotel Alatau Resort қонақүйінің The Quarter мейрамханасында қонақтарға мәзір тек орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.
Қазақ тіліндегі мәзірді бөлек сұрауға тура келген, бірақ қызметкерлер оның бар-жоғына нақты жауап бере алмаған. Алғашында оны әкелеміз деп уәде берген, кейін шамамен 40 минуттан соң мәзірдің тек электронды нұсқасы ғана бар екені айтылған.
Ал соңында әкімші қазақ тіліндегі мәзір қазіргі уақытта мүлде жоқ екенін растаған.
Бұл бейнежазба желіде қызу талқыланып жатыр.