Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:55

Алматыдағы резонансты жол апатына кінәлі адам жауап беріп жатыр – ІІМ

Жол апаты
Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы резонансты жол апатына Александр Пак тергеу барысында жауап беріп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта оның қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ол қамауда отыр. Сөйлей алады, жауап беріп жатыр, тергеу жүріп жатыр. Алда ауқымды тергеу шаралары бар", — деді Әділов Мәжіліс кулуарында.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апаты болған еді. Тараған ақпараттарға сәйкес, оқиға алдында көше жарысы болған, оған кей деректер бойынша кәсіпкер қатысқан. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғадан кейін, 26 наурызда полиция түнгі жарыстарға қарсы күресті күшейтетінін мәлімдеді. Сол күні Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Алматыдағы өлімге әкелген жарысқа жоғары лауазымды полиция қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін айтып, бұл күдігін бейнематериалмен негіздеді. Осыдан кейін Алматы полициясында қызметтік тексеру басталды, ал Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бірқатар басшылардың қызметтен босатылғанын хабарлады.

Сонымен қатар ІІМ бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Резонанстан кейін Алматы көшелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.