Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде өрт шықты
Алматының Жетісу ауданындағы сауда орындарының бірінде өрт шығып, екі қабаттағы төрт бутик өртеніп кетті.
«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жақын маңдағы өрт сөндіру крандарына бір уақытта бес өрт сөндіру құралын қолданып, үздіксіз су беруді ұйымдастырды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Өрт сөндірушілер 34 минут ішінде 150 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда, деп қосты ведомство.
Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбі күні кешке Алматының екі ауданында өрт шықты. Алғашқы оқиға Әуезов ауданында болды. Сүлейменов көшесінде орналасқан екі қабатты үйде 80 шаршы метр аумақты құрайтын бөлме мен шатыр өртенді. Екінші жағдай Алмалы ауданындағы Байзақов көшесінде тіркелді. Алты қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында тұрмыстық заттар өртенді.