Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:23, 30 Қаңтар 2026

Алматыдан 212 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Сілкінісі
Фото: ашық дереккөз

 Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 30 қаңтар күні Астана уақытымен таңғы 07:54-те Қырғызстан аумағында болған.

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 3,9 баллды құрады. Сейсмикалық картаға сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 212 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Жан-Бұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 шақырым, ал Нарын қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 24 шақырым қашықтықта болған.

Қырғызстандағы елді мекендерде жер сілкінісінің күші мынадай деңгейде сезілген:

  • Жан-Бұлақ, Достук, Ақ-Талаа ауылдарында – шамамен 3,5 балл,

  • Таш-Бұлақ, Құланақ, Мин-Бұлақ, Емгек-Талаа ауылдарында – 3 балл,

  • Нарын қаласында – 2,5 балл.

Еске сала кетейік, 26 қаңтар күні қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,4 баллдық жер сілкінісін тіркеген болатын.