Кеше, 11:08
Алматыдан 262 шақырым қашықта жер сілкінді
Алматыдан 262 шақырым қашықта жер сілкінді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ТЖМ «ННЦНИ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 4 қарашада Астана уақытымен сағат 04:31-де жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде орналасқан», - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қараша күні таңертең Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жерде болған.