Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:44

Алматыдан синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана табылды

1
Фото: из открытых источников

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өндірушіні ұстады.

8 қараша күні Алматыда ҰҚК департаменті прокуратурамен келісе отырып, синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы тәркілегені хабарланды.

«Психотроптық заттарды өндіру кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, оны тінту барысында 7 келіден астам дайын және 30 литрден астам сұйық психотроптық «мефедрон» заты тәркіленді. Сондай-ақ дәрілік заттарды өндіруге арналған зертханалық жабдықтар мен прекурсорлар», - делінген хабарламада.

1
Фото: из открытых источников

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысының прокуратурасымен келісе отырып, полицияның қатысуымен Алматы қаласында, Алматы облысында, сондай-ақ Ұлытау облысында қамауға алу шараларын жүргізген болатын. Қазақстанның бес азаматы діни экстремистік әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Сондай-ақ, 17 азаматқа тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу белгілері бойынша ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тегтер: