Алматылық белсенді Марат Мусин 15 күнге қамауға алынды
Мусин "қаңтардағы әуежайды басып алу ісі" бойынша сотқа барғаны үшін айыпты деп танылды
Әкімшілік сот жергілікті белсенді Марат Мусинді 15 күнге қамауды бұйырды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Сот белсендіні Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы ("бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу") бойынша айыпты деп таныды.
Мусин 19 қыркүйекте "әуежайды басып алу ісі" бойынша сотқа тартылған адамдардың ісі қаралатын ашық сот отырысы өтетін Алматы қалалық сотына барған. Сот отырысына келген адам көбейген кезде сот өкілі отырыс онлайн режимде өтетінін хабарлаған. Бұған сотталушылардың туыстары, адвокаттары мен белсенділер наразылық білдірген. Кейіннен билік ол белсенділерді "келісім берілмеген жиынға қатысты" деп айыптаған. Полиция толтырған хаттамада Мусин "айыбын мойындады" деп жазылған.