Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:17

Алматылық кәсіпкерді тонап, өлтіріп кеткен күдікті Әзербайжаннан экстрадицияланды

Күдікті
Фото: Бас прокуратура

Алматылық кәсіпкерді тонау және өлтіру ісі бойынша күдікті Әзербайжаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ Әзербайжандағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен аса ауыр қылмыстар – адам өлтіру және қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған Қазақстан азаматын Әзербайжан Республикасынан экстрадициялады.

2023 жылдың қазан айында күдікті сыбайласымен бірге таныс кәсіпкерді кездесуге алдап шақырып, оны есінен танғанша ұрып-соғып, шамамен 40 миллион теңге тұратын мүлкін иемденген. Кейін жәбірленушіні Алматы қаласынан тыс аумаққа алып кетіп, өлтірген», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.

Бір күдікті оқиға ізімен ұсталған, ал екіншісі жасырынған. Осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.

«Биылғы қаңтар айында іздеудегі азамат Әзербайжан аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыстар үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған», - деп толықтырды Бас прокуратура.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.