Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:15

Алматылықтар "Lenina 36" атты жаңа кафені сынға алды

1
Фото: 2gis.kz

Алматыда әлі ашылмаған "Lenina 36" атты кафе-бистро қоғам наразылығына ұшырады.

 Әлеуметтік желі қолданушылары бұл атауды Кеңес өкіметін дәріптеу деп қабылдап, мекеменің иелеріне атауды өзгертуге кеңес беріп жатыр.

1

Даудың басы Threads желісіндегі қолданушы @erdentakenov жазбасынан басталды. Ол:

"Жаңа кафе Достық 36 мекенжайында ашылғалы жатыр. Аты – "Lenina 36". Мұны сәтсіз атау деп санаймын. Кейбіреулер әлі күнге дейін Ленин "бұл көшеден көшіп кеткенін" білмейтін сияқты", – деп жазды.

Жазбаға мыңнан астам пікір жазылып, қазақстандық интернет қолданушылар екіге бөлінді. Бірі Ленин есімін кафе атауы ретінде қолдануды орынсыз санайды. Енді бірі бұл көшенің бұрынғы атауы Ленина болғанын айтып жатыр.

Даудың жалғасы 2GIS картасына да жетті – қолданушылар әлі ашылмаған мекемеге жағымсыз пікірлер қалдырып, атауын ауыстыруға кеңес берген.

Алайда, кей алматылықтар бұл әрекетті шағын бизнеске қысым көрсету деп бағалап, кафе иелерін қолдауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы Qazaq Coffee кофеханасы қызметкерлерінің қазақ тілін білмейтінін ашық айтып, қоғамдық қысымға ұшырап, жабылған болатын.

Тегтер: