Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Алматылықтар тарихи мектептің бұзылуына қарсы шықты

мектеп
Фото: ашықө дереккөз

Алматылықтар Назарбаев пен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы №56 мектеп-гимназияның сүрілуіне наразы болды.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ғимараттың орнына әйнектен тұрғызылатын жаңа нысан салу жоспарланған. Бұл жағдай көпшіліктің ашу-ызасын туғызды.

«Прогресс дейміз, бірақ осылайша сәулеттік мұрамызды жойып жатырмыз. №56 мектебімді қиратып тастады. Орнына шыныдан жасалған «қорап» тұрғызбақ. Билікте отырғандардың сұлулық пен тарихқа құрметі жоқ. Көзге еріксіз жас келеді», - деп жазды тұрғындардың бірі.


Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бір бөлігі мұндай ғимараттарды кеңестік дәуірдің сарқыншағы деп санап, бұзуды дұрыс десе, енді бірі тарихи нысандарды сақтау қажет екенін айтады.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі желіде тараған ақпаратты кейіннен жоққа шығарды. 

Әкімнің кеңесшісі Ильзат Акчурин Telegram-арнасында әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тараған Сәтбаев атындағы №56 гимназия ғимаратын бұзу жөніндегі ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Алматы қаласының Құрылыс басқармасының мәліметінше, мектепте қазір сейсмо күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр:

«Қолданыстағы ғимараттарды сүру көзделмеген. Сонымен қатар тарихи қасбеті толық сақталады», – делінген хабарламада.

Жоба қазіргі заманғы білім стандарттарына сай заманауи оқу кеңістігін құруды көздейді.

Тегтер: