«Ішін жарып, аяусыз өлтірді»: Алматыда караоке-бардың жанында жас жігітті өлтіріп кеткен

Алматының орталығында, бір топ жігіттер караоке-бардың жанында жас жігітті айуандықпен өлтірген. Бұл туралы жігіттің құрбысы баяндап, бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарының кешіктіріліп жатқанын мәлімдеді, деп жазды Zhasalash.kz.
Бойжеткеннің хабарлауынша, оқиға қарашаның 25-інен 26-сына қараған түні қала орталығындағы караоке-бардың жанында болған. Екі жас пен басқа топ арасындағы кикілжің мекеме ішінде басталып, кейін барлығы сыртқа көшіп кеткен.
"Барлығы жабылып Бағаудинді (марқұм - ред. ескерт.) соққыға жықты. Ішін жарып, барлық ағзалары көрінетіндей күйде аяусыз ұрған. Досым екі минутта қансырап өлді. Төбелеске қатысушылардың бірі қазір іздестіріліп жатыр. Ол адамдардың караоке-бармен байланысы бар сияқты, мүмкін оның иесі немесе негізін қалаушысы шығар. Полицейлер маған бұл ықпалды адамдар екенін айтты, сондықтан іс тоқтап тұр", - деді бойжеткен.
Ал бұл ақпаратты Алматы қалалық ІІД Медеу аудандық полиция бөлімі 99-баптың «Адам өлтіру» 1 және 2-бөлігімен және ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растады.
«Күдіктіні ұстауға және іс бойынша басқа да мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде», - деп хабарлады полиция департаменті.