Алматы: 182 қызметкерінен коронавирус табылған аурухана басшысы қызметінен кетті

15.04.2020, 09:07

33

Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Джувашев өз еркімен қызметінен кетті. Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған Informburo.kz сайты хабарлады.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымованың хабарлауынша, медициналық мекемеде 182 қызметкерден коронавирус табылған.

«Басшысы қызметтен кетті, оның қарамағындағы шамамен 200 адам ауырып жатыр. Ол ұйымдастыру ісінде кеткен қателіктерін білгеннен кейін өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазды» деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Сайттың жазуынша, карантинге жатқызылған орталық аурухана дәрігерлері видео түсіріп, Алмаз Джувашевті қайтаруды талап еткен. Әзірге Джувашев түсініктеме берген жоқ.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 15 сәуірге қараған түні Facebook желісінде Алматы орталық клиникалық ауруханасындағы жағдайға байланысты пікірін айтты. Ол министрлік өкілдерінің карантинге жатқызылған аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізетінін айтып, «барлық мәселе эмоциясыз заң бойынша шешіледі» деді.

Алмаз Джувашев 2019 жылы мамыр айында орталық клиникалық ауруханасының директоры болып тағайындалған. Қазір аурухана басшысының уақытша міндетін медициналық мекемені 2012-2017 жылдары басқарған Марат Абдуллаев атқарады.

Қарай отырыңыз: Алматыда ең ірі клиникалық аурухана карантинге жабылды (13 сәуір 2020 жыл).

Алматыда ең ірі клиникалық аурухана карантинге жабылды please wait <video poster=«gdb.rferl.org/3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915_tv_w250_r1.jpg» src=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/04/3/3c/3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915.mp4» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/04/3/3c/3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{" ampsrc":«https:=»" flashvideo.rferl.org="" videoroot="" pangeavideo="" 2020="" 04="" 3="" 3c="" 3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915_manifest.mpd",«src»:«https:=»" 3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915_manifest.mpd",«type»:«application=»" dash+xml",«datainfo»:«auto»,«url»:null,«blockautoto»:null,«blockautofrom»:null},{«ampsrc»:«https:=»" 3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915_mobile.mp4",«src»:«https:=»" 3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915_mobile.mp4",«type»:«video=»" mp4",«datainfo»:«270p»,«url»:null,«blockautoto»:null,«blockautofrom»:null},{«ampsrc»:«https:=»" 3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915.mp4",«src»:«https:=»" 3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915.mp4",«type»:«video=»" mp4",«datainfo»:«360p»,«url»:null,«blockautoto»:null,«blockautofrom»:null},{«ampsrc»:«https:=»" 3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915_hq.mp4",«src»:«https:=»" 3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915_hq.mp4",«type»:«video=»" mp4",«datainfo»:«404p»,«url»:null,«blockautoto»:null,«blockautofrom»:null},{«ampsrc»:«https:=»" 3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915_fullhd.mp4",«src»:«https:=»" 3c524684-4e48-4b83-8ca4-777b17a60915_fullhd.mp4",«type»:«video=»" mp4",«datainfo»:«1080p»,«url»:null,«blockautoto»:null,«blockautofrom»:null}]"="" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30550956&SiteId=5&r=1803100242&it=0&pd=20200413134100» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Алматыда ең ірі клиникалық аурухана карантинге жабылды»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Алматыда ең ірі клиникалық аурухана карантинге жабылды
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. /> width px height px /> The URL has been copied to your clipboard

No media source currently available

0:00 0:03:29 0:00 Жүктеп алу
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42