Алматы әкімдігі белсенділерге митинг өткізуге рұқсат берді

26.06.2019, 09:00

3

25 маусымда азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев Алматы қаласы әкімдігі бейбіт жиын өткізуге рұқсат бергенін хабарлады. Бұл туралы белсенді өзінің Facebook парақшасында жазды. Ильяшевтің сөзінше, жиын Алматыда митинг өткізуге рұқсат берілетін жалғыз орын — «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы саябақта 30 маусым күні 10.00-ден 12.00-ге дейін өтпек.

Ильяшевтің айтуынша, бұл — белсендінің митинг өткізуге рұқсат сұрап, Алматы әкімдігіне жазған 36-өтініші.

Алматы әкімдігі алдында Facebook қолданушыларының сұрақтарына тікелей эфирде жауап берген Ильяшев «Бұл — митингілер туралы митинг» дейді. Белсендінің сөзінше, бейбіт жиында Қазақстан азаматтарының митинг өткізу құқығының іске асуы жайлы айтылмақ. Ильяшев Алматы әкімдігіне өтінішті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Euronews арнасына берген сұхбатынан соң тапсырған.

Маусым айының ортасында шыққан сұхбатта Тоқаев «наразылыққа шығып, өз ойын айтқысы келгендерге арналған заң қабылданады. Олар тиісті органдарға өтініш жазады және оларға жиналып, ойларын айтатын орын беріледі» деген.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қол қойған қаулыны белсенді өз парақшасында жариялады. Әкімдік 19 маусымда түскен белсендінің бейбіт жиын өткізу туралы шағымы "Қазақстанда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" заңға сай мақұлданғаны жазылған. Қаулының орындалуын бақылауды Байбек өзінің орынбасары Арман Қырықбаевқа тапсырған.

"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c === 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState === «uninitialized» || d.readyState === «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);

Әлнұр Ильяшев бұған дейін Алматы қаласының ішкі саясат басқармасына қалада Ішкі істер министрлігін реформалау талабымен митинг өткізу туралы 35 рет өтініш түсірген. Бірақ басқарма түрлі себепті алға тартып, оның өтініштерінің бір де біріне рұқсат бермеген. Бұдан соң Ильяшев конституцияда кепілдік берілген митинг өткізу құқығы бұзылғанын айтып, ішкі саясат басқармасының үстінен сотқа шағымданған. Ол шағымында ішкі саясат басқармасының митинг өткізуге рұқсат бермеуін заңсыз деп тануды сұраған.

Былтыр қыркүйекте Алматы соты Әлнұр Ильяшевтің шағымын қанағаттандырмай тастаған.

Қазақстан заңына сай, азаматтар митинг, шеру немесе наразылық шарасын ұйымдастыру үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Билік рұқсат берген митингіні ғана заңды деп есептейді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жиын өткізетін орынға рұқсат алу қиын

Қазақстан Конституциясына сай, халық қарусыз бейбіт шеру, жиын, пикет, наразылық шарасын ұйымдастыруға құқылы. Бірақ Конституцияда «мемлекет қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қауіп төнген жағдайда, денсаулыққа зиян келетін жағдайда, жеке адамдардың құқығы мен бостандығына қатер төнсе, бейбіт митингіге заңмен шектеу қойылатыны» жазылған.

1995 жылы сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейбіт жиын, митинг, шеру, пикет және наразылық шарасын ұйымдастыру шарты туралы қаулы қабылдаған. Заңдық күші бар бұл қаулы қазір қолданыста. 24 жылдың ішінде 12 баптан тұратын заң көп өзгермеді.

​Осы заңның 11-бабында "әкімдіктер жергілікті жағдайды ескеріп, бейбіт жиын, митинг, шеру, пикет, наразылық шарасын ұйымдастыру шарттарын қосымша реттеуге құқылы" деп жазылған. Бірақ Қазақстанда билікке сын айтылуы мүмкін митингілерге рұқсат берілмейді. Жергілікті әкімдіктер «митинг өткізуге бөлінген аймақта басқа шара өтетінін немесе жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын» айтып, белсенділердің өтінішін кері қайтарады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04