09:18, 19 Наурыз 2023
Алматы әкімі сайлау учаскесіне жұбайын ертіп келді
Алғашқылардың бірі болып таңғы сағат 7-де №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Жас Алаш .
Қала әкімі бүгін өтіп жатқан сайлау Қазақстан өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы өткен жылдың наурыз айында жариялаған саяси реформалардың соңғы кезеңін білдіреді. Қала Мәжіліс пен маслихаттың сайланған депутаттары алдында жаңа міндеттер туындайды және олардың жұмысы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі бастамаларды қолдауға бағытталуы тиіс».Ерболат ДосаевСондай-ақ ол "Қазақстан мен Алматының тағдырына шын жүректен алаңдайтын алматылықтар бей-жай қарамайтынына және жарқын болашаққа дауыс беретініне сенімді" екенін білдірді.