Алматы әуежайында бұрынғы депутат Шырын Айтматованың күйеуін ұстады

20.12.2019, 07:47

77

Бұрынғы депутат, «Умут-2020» қозғалысының негізін қалаушы Шырын Айтматова 19 желтоқсанда кешке Twitter-дегі парақшасында күйеуі Сырғақ Кенжебаевтың Алматы әуежайынан жоғалып кеткенін хабарлады. Кейінірек оны Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) ұстағанын айтты.

МҰҚК-ның хабарлауынша, Кенжебаев «алаяқтық» бабы бойынша күдікке ілінген. Оның үстінен Қырғызстанға "Қауіпсіз қала" жобасының екінші кезеңіне қатысу үшін келген Қытайдың ірі компаниясының өкілі шағым түсірген.

«Кенжебаев түрлі сылтаулармен қытай инвесторының сеніміне кіріп, өтініш берушінің 350 мың доллар ақшасын иемденген және оны қайтарудан бас тартқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары кезінде қытай инвесторынан қосымша 250 мың доллар көлемінде ақша талап еткеніне бұлтартпас дәлел бар» делінген МҰҚК хабарламасында.

Кенжебаев МҰҚК-ның уақытша тергеу изоляторына қамалған.

Kaktus Media сайтының жазуынша, Айтматова соңғы уақытта жемқорлық туралы жиі жазып, Бішкектегі жемқорлыққа қарсы акцияларға белсене қатысқан. 6 желтоқсанда мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов оның үстінен сотқа шағым түсірген. Жақында Азаттықтың Қырғыз қызметі жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) және Kloop.kg сайтымен бірге Қырғызстаннан заңсыз жолмен кемі 700 млн доллар қалай шығарылғаны туралы ірі зерттеу материал жариялаған. Бұл зерттеуде Матраимовтың да аты аталады.

Шырын Айтматова — әйгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қызы.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44