11:10, 31 Қаңтар 2022
Алматы әуежайында рейстер шегеріліп жатыр
Алматыда қою тұман байқалып, әуежайда рейстер шегеріліп жатырқаны хабарланды.
Бүгін таңертең ерте қаланы қалың тұман басқаны байқалды.
Әуежайдың онлайн рейстер кестесіне сәйкес, бүгін 12 рейс кешігіп жатыр. Оның ішінде Нұр-Сұлтаннан бес ұшақ кешікен. Бұл бағыттағы рейсті қазақстандық төрт әуекомпаниясы орындайды: Air Astana, Fly Arystan, Qazaq Air және SCAT.
Сондай-ақ, Шымкент, Атырау, Жезқазған, Өскемен және Пхукет рейстері де кешігіп жатыр. Бес ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе және Жезқазған бағытына ұшуы керек болған.