Алматы: Балаларды босатыңдар!

22.04.2019, 22:47

3

Алматы қаласында жексенбі, 21-сәуір күні өткен 17 мың адам қатысқан марафонда қарсылық акциясын ұйымдастырғаны үшін ұсталып, 15 күнге қамалған Әсия ТӨЛЕСОВА  мен Бейбарыс ТОЛЫБАЕВТЫ қолдау үшін белсенділер Алматы қалалық сотының алдына жиналды.

Жиналғандардың полицияға қойып отырған кінәсі – плакаттағы жазуды қате жазып, протоколды «Лидер нации – позор нации» деген сөз жазылған деп толтырған. Ал, онда белсенділердің айтуынша ондай сөз емес, «От правды не убежишь» деген сөз болған. Бұл плакаттың суреті де шықты. Астында #У МЕНЯЕСТВЫБОР, #ӘДІЛСАЙЛАУҮШІН хештегтері бар.

Марафондыөткізуге кедергі келтірдіңдер деген айыппен 5 адамды ұстап, оның екеуінеқатысты жедел сот өтіп, 15 күн мерзімге қамалған. Бұл жағдайға қатысты қарсылықкеше-ақ басталып кеткен. Сот өтіп жатқанда бірнеше белсенді сот ғимаратының алдындақарсылық танытқан.

Қарсылықтың тағыбір себебі – акция ұйымдастырушы жастарды ешқандай адвокатсыз соттаған. Сотшешімінен кейін адвокаты келіп, аппеляциялық сотқа арыз түсірген, бірақ, сотбұл шағымды қабылдамапты.

Құқық қорғаушы РинатРАФХАТ Азаттық радиосына берген сұхбатында:

— Бұл жердежастарды өрескел қателіктерін көрген жоқпыз. «Әділ сайлау үшін» деп жазылған.  Полиция өкілі протокол толтырғанда «лидернации – позор нации» деген сөзді техникалық қателік деп кіргізіп жіберген. Міне,сол техникалық қателікпен жазылған сөзді негізге алып, екі жасты соттапжіберген. Бұл жерде біріншіден, олардың қорғалу құқықтарын түсіндірулері керекеді, екіншіден адвокатсыз ешқандай жауап алмауы керек. Әрі адвокатсыз үшсағаттан артық ұстамау керек, — дейді.

Ал, белсенділердіңайтуынша, тергеушілер екі айыпталушыны адвокатсыз тергеп, жеке заттарын алып,телефондарындағы кіріс-шығыс қоңырауларына дейін тексерген.

Белсенділер қолдарына Қазақстанның туын ұстап «Біздің өз таңдауымыз бар»; «От правды не убежишь», «Не бойтесь, народ!»; «Отпустите детей!»; «Баларды бостаңдар!» деп айқайлады.

Аппеляциялық шағымды бірге түсірмек ниетпен жиналған белсенділер бір сағаттан аса Әсия Төлесованың анасы Жанар ЖАНДОСОВАНЫ күткенмен, Жанар ханым арнайы өкілдер арқылы сәлем айтып, өзінің дәл қазір қызымен кездесетінін, сол себепті адамдарды күттіргісі келмейтінін, аппеляциялық шағымға қатысты арнайы хабарлайтынын айтты. Осыдан кейін ғана белсенділер тарай бастады.

Суреттер ашық интернет көздерінен алынды

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34