Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:45, 26 Қазан 2022

Алматы инвестиция көлемі бойынша бірінші орынға шықты

None
None

«Қуатты өңірлер – ел дамуының ұлттық драйвері» ұлттық жобасы аясында Алматы қаласында биыл көптеген жұмыстар атқарылды.

Яғни, Алматы қаласының әр аудандарында ескі үйлерді сүру, қаланы абаттандыру жұмыстары мен жаңа мектептердің салынуы атқарылған жұмыстардың нәтижесі деп білеміз.

Жуырда қала әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, шаһарда жасалынып жатқан жұмыстардың есебін берген болатын. Кездесудің қорытындысына сәйкес, Алматы қаласының экономикалық өсімінің 105 пайызға артуымен қатар, капиталға салынған инвестицияның көлемі 22,1 пайызға өссе, шағын және орта бизнес субъектілері 37,2 пайызға артты деп белгіленді. Бұл көрсеткіш көрсетілген қорытынды бойынша Алматы қаласы өзге өңірлерден біршама алда келе жатыр деген сөз.

Ал Алматы қаласындағы атқарылып келе жатқан жұмыстардың легін жалғастырар болсақ, алдағы уақытта шаһарда ұлттық жоба бойынша Бостандық ауданында 800 млн теңгеге 21 жоба іске асырылып келеді. 21 жобаның 11 нысан бойынша жұмыстары аяқталып, қалған 10 жобасы осы жылдың 30 қарашасында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ бағдарлама бойынша аудан тұрғындарының атсалысуымен қоғамдық орындарда абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

Шаһарға емхана, мектептер мен балабақшалар салу жұмысына келсек, Бостандық ауданындағы «Мега Алматы» сауда ойын-сауық орталығының маңына жаңа емхана салынады деп күтілуде.

Қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездескенінде адам санының артуына байланысты емханалар мен мектептердің көптеп салынуын қолға алатынын мәлімдеген болатын. Уәде бойынша, азаматтарды әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету үшін Алматы әкімдігі саябағы бар 500 келушіге қызмет көрсететін емханаға 1,1 гектар жерді сатып алған болатын. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың төртінші тоқсанында қажетті құжаттамалар әзірленгеннен кейін басталады деп жоспарлануда.

Бірақ оған дейін «Балаларға шұғыл медициналық көмек» орталығының қабылдау бөлімшесі мен ота жасайтын блогтарының 50 пайызы салынып бітті. Енді алдағы уақытта, яғни 2023 жылдың ақпан айында «Керуен медикус» жеке клиникасы перзентханасының жаңа ғимараттары салынып бітетіндігін қала әкімі айтқан болатын.

Мектептер мен балабақшалардың жұмысына келсек, мектептегі орын тапшылығының алдын алу барысында жақында «Жайлы мектеп» жобасы қарастырылған болатын. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуінде айтып өткен болатын. Оның айтуынша,

«Аталмыш жобаға сәйкес, екі мың орындық мектептер салу үшін алдымен жер телімдерін сатып алу жоспарға енді. «Рамс Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен келесі жылы 1100 мектептің құрылысы аяқталады. Ал балабақшаларды салу жұмысына тоқталсақ, желтоқсан айында 240 орындық 2 балабақшаның құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес басталады», – дейді қала әкімі Ерболат Досаев.

Тегтер: