Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:50, 07 Тамыз 2023

Алматы маңында жер сілкінді

None
None

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 6 тамыз күні 20:29-да байқалған.

Магнитудасы — 4.2. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде орналасқан.

Алматы мен Алма-Арасан шатқалында сезіну 2 балл болды. Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісінен кейін 112 желісі бойынша азаматтардан бірде-бір қоңырау болмағанын айтады. Сондай-ақ зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.

Жер сілкінісі болған сәтте қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс. Үйде болған жағдайда газ, су, электр жүйелерін сөндіріңіз. Биік ғимараттардан аулақ әрі ашық жерді паналаңыз. Электр сымдары және өзге де қауіп тудыратын заттардан абай болыңыз!

Тегтер: