Алматы мәслихаты орталықтан алшақтағы саябақты "митингі өткізетін орын" ретінде ұсынды

26.09.2019, 02:00

3

Алматы қалалық мәслихаты қаладағы «Сарыарқа» кинотеатры мен «Южный» бағын бейбіт митингі өткізу орны ретінде ұсынды. Мәслихаттың ұсынысы электронды үкімет порталына жарияланды. Порталда 8 қазанға дейін талқылау болады. Екі орында қаланың орталығынан алшақта орналасқан.

«Бейбіт митинг өткізу» туралы қазіргі заң бойынша, жергілікті органдардың жиын өткізу тәртібіне қосымша регламент енгізуіне құқығы бар.

1995 жылы қабылданған "Қазақстанда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" заң бойынша қандай да бір наразылық шарасына өткізгісі келетіндер жергілікті биліктен арнайы рұқсат алуы тиіс. Рұқсатсыз жиындар «заңсыз» деп танылып, оған қатысқандар әкімшілік жауапқа тартылады. Заңға сай, жергілікті органдардың жиын өткізу тәртібіне қосымша регламент енгізуіне құқығы бар.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстанның «Бейбіт жиын өткізу» туралы заңы халықаралық стандартқа сәйкес емес деп жиі сынайды. Құқық қорғаушылардың пікірінше, митинг өткізу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуды міндеттеп, тек арнайы белгіленген орындарда ғана шеру өткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заң азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығын шектейді.

Оқи отырыңыз:Алматы мен Нұр-Сұлтанда рұқсат етілген митингілер қалай өтті?

Наурыз айында қызметіне кіріскен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев митингілер туралы заңнаманы қайта қарау керек деп бірнеше рет айтқан. Алайда әлі күнге дейін бұған байланысты заң жобасы парламентке түспеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34