Алматы мәслихаты орталықтан алшақтағы саябақты "митингі өткізетін орын" ретінде ұсынды

25.09.2019, 21:00

2

Алматы қалалық мәслихаты ұсынған жобада қала орталығына жатпайтын аумақта орналасқан саябақ «екінші митингі орны» ретінде көрсетілген. Құжат авторлары бұл орынның «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы алаң сияқты — ресми түрде «рұқсат етілген митингі орны» болып бекітілгенін қалайды.

Жобада сонымен бірге 18 пунктіден құралған митингі, пикет, шерулерді өткізу тәртібі жазылған және оларды өткізу үшін әкімдікке өтініш беру жағы қарастырылған.

Жоба құқықтық актілер сайтында 24 қыркүйекте жарық көрді. Жобаны талқылау 8 қазанға дейін жалғаспақ. «Бейбіт жиын өткізу» туралы қазіргі заң бойынша, жергілікті органдардың жиын өткізу тәртібіне қосымша регламент енгізуіне мүмкіндігі бар.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстанның «Бейбіт жиын өткізу» туралы заңы халықаралық стандартқа сәйкес емес деп жиі сынайды. Құқық қорғаушылардың пікірінше, митинг өткізу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуды міндеттеп, тек арнайы белгіленген орындарда ғана шеру өткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заң азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығын шектейді.

Оқи отырыңыз: Алматы мен Нұр-Сұлтанда рұқсат етілген митингілер қалай өтті?

Наурыз айында қызметіне кіріскен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев митингілер туралы заңнаманы қайта қарау керек деп бірнеше рет айтқан. Алайда әлі күнге дейін бұған байланысты заң жобасы парламентке түспеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04