Алматы мен Нұр-Сұлтанда бір доллар 384-385 теңгеден сатылып жатыр

03.06.2019, 09:00

8

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пунктерінде бір АҚШ доллары 384-385 теңгеден сатылып жатыр. Бұл ақпаратты 2 маусымда жергілікті Kurs.kz сайты хабарлады. Интернет-ресурс дерегінше, айырбастау пунктерінде бір доллар орташа есеппен 382-383 теңгеден қабылданып жатыр.

Жексенбі, 2 маусым күні ұлттық банк доллардың ресми бағамын 382,56 деп белгіледі.

Бұған дейін ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев «девальвация жайлы» сыбысты жоққа шығарып, «елдің ақша-несие саясаты, валюталық саясаты тұрақты» деп мәлімдеген.

Наурыз айында Нұрсұлтан Назарбаев президент өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан соң елде теңгенің құнсыздануы ара-тұра байқалған. Ұлттық банк төрағасы 20 наурыз күні бір доллар құны кейбір ақша айырбастау орындарында 387-390 теңгеге жеткенін айтқан еді. Ол бұған дейін «валюта нарығындағы жағдай 26 наурыздан бері тұрақты әрі одан кейін айтарлықтай өзгерген жоқ» деген.

Қазақстан 2015 жылы теңгені еркін айналымға жіберіп, валюта бағамын реттеп отырудан бас тартатқан. Бірақ одан бері де ұлттық банк бірнеше рет интервенция жасап, валюта бағамын ұстап тұруға миллиондаған доллар қаражат жұмсаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39