Алматы мен Нұр-Сұлтанда Oyan, Qazaqstan және "Республика" митинг өткізді

09.11.2019, 20:00

25

Қарашаның 9-ы күні түстен кейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда Oyan, Qazaqstan және «Республика» қозғалысы митингі өткізді.

Митингіде сөйлеген жастар елге қоғамдық-саяси өзгерістер керек екенін айтты. Алматыда Абай ескерткішінің алдында өткен митингіде белсенді Димаш Әлжанов Қазақстанда президент өкілетін қысқартып, мемлекет парламенттік формаға өтуі тиіс деді.

— 30 жыл бойы билік "әуелі — экономика, содан кейін саясат" деп айтып келді. Бұл саясат бізді тығырыққа тіреді. Сол сөзді айтқандардың аты-жөні қазір Forbes журналында жүр, — деді Әлжанов.

Тікелей эфирді көріңіз:

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

Жастар митингіде «парламенттік республика», «гүл өссе елдің көркі, шал кетсе, елдің көркі», «рұқсатсыз бейбіт шеру» деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды. Олар «Оян, Қазақстан!» деп айқайлап, «саяси тұтқындарды» босатуды талап етті. Олар түскі сағат үш шамасында қаладағы «Республика» алаңына қарай марш жасап, жылжыды.

Нұр-Сұлтанда митингі «Жерұйық» саябағында өтті. «Республика» қозғалысы жетекшілерінің бірі Белла Орынбетова «мемлекетті бір адамның басқаруы елді тығырыққа тірейтінін айтып», оның салдары қандай болатынын Қазақстан көрді деп айтты.

Нұр-Сұлтандағы митингіге келген жастар. 9 қараша 2019 жыл. /> Нұр-Сұлтандағы митингіге келген жастар. 9 қараша 2019 жыл.

Ол сайлау және сот жүйесін реформалау қажеттігін, билік тармақтарының дербестігі маңызды екенін, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы қажет екенін айтты. «Полицияның парламентке есеп беріп, қоғам мүддесіне қызмет етуі керек» деді ол.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі «Республика» қозғалысына митинг өткізуге рұқсат берген. Ал Oyan, Qazaqstan қозғалысы өкілдері «бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұраудың қажет емес» екенін айтқан.

Бұл митингілер қарсаңында екі қалада да кейбір белсенділерге полицияның ескерту жасап, кейбірін ұстағаны жайлы ақпарат тарады. Полиция ақпаратты жоққа шығарған.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26