Алматы мен Нұр-Сұлтанда Oyan, Qazaqstan және "Республика" митингілері өтіп жатыр

09.11.2019, 12:00

33

Алматыда мен Нұр-Сұлтанда Oyan, Qazaqstan және «Республика» қозғалыстарының митингілері өтіп жатыр. Алматыда Абай ескерткішінің алдында Oyan, Qazaqstan жастар қозғалысының митингісі түскі екіде басталды. Оған 40-қа жуық адам жиналды.

Митингіде сөйлеген жастар елге қоғамдық-саяси өзгерістер керек екенін айтты. Белсенді Димаш Әлжанов Қазақстанда президент өкілетін қысқартып, мемлекет парламенттік формаға өтуі тиіс деді.

— 30 жыл бойы билік "әуелі — экономика, содан кейін саясат" деп айтып келді. Бұл саясат бізді тығырыққа тіреді. Сол сөзді айтқандардың аты-жөні қазір Forbes журналында жүр, — деді Әлжанов.

Тікелей эфирді көріңіз:

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

Жастар митингіде «парламенттік республика», «гүл өссе елдің көркі, шал кетсе, елдің көркі», «рұқсатсыз бейбіт шеру» деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды. Олар «Оян, Қазақстан!» деп айқайлап, «саяси тұтқындарды» босатуды талап етті.

Нұр-Сұлтанда митингі «Жерұйық» саябағында өтіп жатыр. «Республика» қозғалысы жетекшілерінің бірі Белла Орынбетова «мемлекетті бір адамның басқаруы елді тығырыққа тірейтінін айтып», оның салдары қандай болатынын Қазақстан көрді деп айтты.

Ол сайлау және сот жүйесін реформалау қажеттігін, билік тармақтарының дербестігі маңызды екенін, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы қажет екенін айтты. «Полицияның парламентке есеп беріп, қоғам мүддесіне қызмет етуі керек» деді ол.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі «Республика» қозғалысына митинг өткізуге рұқсат берген. Ал Oyan, Qazaqstan қозғалысы өкілдері «бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұраудың қажет емес» екенін айтқан.

Бұл митингілер қарсаңында екі қалада да кейбір белсенділерге полицияның ескерту жасап, кейбірін ұстағаны жайлы ақпарат тарады. Полиция ақпаратты жоққа шығарған.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16