Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция "ҚДТ митингісіне" келгендерді ұстады

22.02.2020, 11:48

82

22 ақпанда түстен кейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының митингісіне келгендерді ұстады. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, түскі сағат 14.00 шамасында Алматыда «Астана» алаңы маңында 15 адам, Нұр-Сұлтанда кемінде екі адамды полиция ұстап әкеткен.

Алматыда наразылардың кейбірі «Оян, Қазақстан!», «Шал кет!» деп айқайлады. Полиция олардың кейбірін сүйреп апарып, газельге отырғызды. Ұстаулар кезінде бір әйел құлап қалды.

Түскі сағат 14.00 шамасында Нұр-Сұлтанда Республика даңғылы бойында ұстаулар басталды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ұсталған адамдар отырғызылған екі автобус жүріп кеткен. Қанша адамның ұсталғаны белгісіз. Ақпарат бойынша, әйелдердің бірі әлсіреп қалғандықтан оған жедел жәрдем көлігі шақыртылған.
Екі қалада да «митинг өтеді» деген аумақта интернет істемей тұр.

Бұған дейін бұрынғы банкир, Қазақстан билігін сынаушы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов пен ол жетекшілік ететін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы 22 ақпан күні жақтастарын митингіге шақырған.

(Жаңалық толықтырылады).

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08