Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:06, 03 Шілде 2020

Алматы облыстық экономикалық сотының қызметкері карантинге оқшауланды

 Алматы облысының мамандандырылған ауданаралықэкономикалық сотының ғимаратында карантин шаралары енгізілді.

Осыған байланыстысоттың барлық қызметкерлері 7 күнге үй карантиніне оқшауланады.

«Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныңғимаратында COVID-19 ошағын қарқынды дезинфекциялық өңдей отырып, шілде айының1-і мен 8-і аралығында карантин шаралары енгізілді. Осыған байланысты Алматыоблысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының барлық қызметкеріжетікүндік үй карантиніне оқшауланады.

Бұл ретте сот қызметкерлеріне қашықтан (онлайн) жұмыс уақыты белгіленетінболады», — делінген Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалықсоты таратқан мәліметте.

Ведомство мәліметінше, істерді қарау неғұрлым кейінгі уақытқа қалдырылды.Тараптарға сот жұмысының басталғаны және істерді қарауды қайта бастау туралықосымша хабарланады.

Шектеу шараларының режимі мен мерзімі COVID-19 коронавирус инфекциясынақатысты ахуалға орай өзгертілуі мүмкін.

Тегтер: