Алматы облысы Беларусь Республикасынан озып кетіпті

02.10.2019, 17:29

3

Қоғамдық кеңесалдында есеп берген Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ өңір жетістіктерінжіпке тізді. Әлеуметтік желідегі сауалнама нәтижесінде ең белсенді әкім дептанылған шенеунік Алматы облысының дамуы өзгелерден көш ілгері екенінмақтанышпен жеткізді.

-Қуанатын жағдай. Сіздер білулеріңіз тиіс. Соңғы 3-4жылда өңірлік ішкі жалпы өнім 1 триллион теңгеге өсті. ІЖӨ көлемін келер жылғадейін 3 триллион теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл үлкен көрсеткіш.Елбасы үнемі жаңа технологияны енгізу керектігін, еңбек өнімділігін арттыруқажет екенін көп айтады. Өндірістегі өсім 2.5 пайызды құрап, 590 миллиардтеңгеге жеткен. Ауылшаруашылығы 2.4 пайызға өсіп, 334 миллиард теңгені құраса,сауда саттық 4 пайызға дейін жетіп, 300 миллиард теңгеге жуықтады. Алайда,мұнымен тоқтамаймыз. Көрсеткіштерді ұлғайту үшін жұмыстарды жалғастырумызқажет-деді, белсенді әкім Амандық Баталов.  

Өңірлер жарысындағыЖетісудың айқын басымдылығы туралы әкім сөзін қоғамдық кеңес мүшелері табжылмайтыңдады. А. Баталов биылдың өзінде Алматы облысына 300 миллиард теңгеден астаминвестиция тартқан екен. Ал, әкім болғалы 5.5 триллион теңгені құрайтын 400-гежуық инвестициялық жобанының жүзеге асуына мұрындық болғанын айтты. Жалып,елдегі 19 трансұлттық компанияның 9-ы Алматы облысында жұмыс жасап жатыр. Ал,ауыз толтырып айтқан жобалар кімдердің мүддесі үшін қызмет ететінін, облысхалқы үшін қаншалықты пайда әкелетінін тек уақыт көрсетеді. Дегенмен, сөзарасында«біздің басты байлығымыз — адамдар» деген әкім істеліп жатқанигі істердің барлығы да халық үшін екенін айтып қалды.


Әкім сөзіне сенсек,Алматы облысы картоп өсіруге басымдық бермек. Талдықорғанда картоп өнімдеріндайындайтын зауыт салынса, Жетісу өңірі Оңтүстік-Шығыс Азияны картоппенқамтитын болады. Айтпақшы, негізгі аграрлық аймақ саналатын Алматы облысындаБаталовтың өзі жақсы көретін қант қызылшасын жинау науқаны басталып кетті. Тәттітүбірдің егістік алқабын биыл Амандық Ғаббасұлы 14 мың гектарға дейін ұлғайтқанеді. Биылғы жоспар 570 мың тонна қызылшадан 50 мың тоннаға жуық қант алу екен.Бірақ, бүгінгі таңға дейін Көксу қант зауытындағы көліктердің кезек мәселесішешілмей келеді.

-Бұрын әр гектардан 180-250 центнер қызылша алсаққуанатынбыз. Қазір әр шаруа қожалығының 1 гектар алқабынан 500-600 центнераламыз. «Мы переплюнули белорусов. Я могу это открыто говорить». Бізолардан көш ілгеріміз. Еліміздегі қанттың қажеттілігі 480 мың тонна болса,болашақта соның 300 мың тоннасын Алматы облысы шығаратын болады, — деді АмандықҒаббасұлы.

Кедендік одаққамүше Беларусь Республикасында қант бағасы қанша екенін білмедік. Бірақ, қантшығаратын зауыты бар Балпық би ауылында қанттың килограмы 260 теңгеден 300-гедейін жетеді.

Жалпы, А. Баталовтықоғамдық кеңес өкілдері қатты мазалаған жоқ. Облыс басшысына жолданғанбірді-екілі сұрақтарға тиісті жауаптар айтылды.

Фотолар автордікі. 




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58