Алматы облысы білім басқармасы министрді өтірікші етіп отыр ма?

15.08.2019, 21:34

8

Алматы облысы білімбасқармасының мамандары жаңа тағайындалған білім министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВТІбір сәтте өтірікшіге айналдырды. Бәлкім, министр мырза шатасты ма екен?

Бүгін жаңа оқужылына дайындық барысы туралы журналистерге баспасөз мәслихатын өткізген Алматыоблысы білім басқармасының бөлім басшысы Гүлмира ҚАЖЫБЕКҚЫЗЫНЫҢ есебіне сенсек, дәл қазір аймақта үш ауысымда оқып жатқан 34 мектеп бар екен. Айтпақшы, Алматы облысы, Ілеауданына қарасты  Нұрғиса ТІЛЕНДИЕВ ауылындағыбалабақшаның құрылысын жіті қадағалап жүрген басқарма басшысы Дәурен ЖҮНІСОВжиынға келмеді.

Тамыздың 13-і күні үкімет отырысында мектептердің жайын баяндаған білім министрі Алматы облысындамұндай мектептердің саны туралы басқа мәлімет айтқан еді.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ ҚР Білім және ғылым министрі: "Демографиялықөсім мен көші-қон процестеріне байланысты қажеттілік өсуде. Мысалы, Алматыоблысында 30-дан астам мектеп үш ауысымды болса, биылғы жылы қыркүйектен бастап50-ден астам мектеп 3 ауысымға көшеді деген болжам бар". ( видеодан56:17 минуттан бастап қараңыз.))

Талдықорғандаотырған білім басқармасының мамандары, бәлкім, Нұр-Сұлтанда сөйлеген министрдіңсөзін естімеген болар. Не дегенмен екі қаланың арасы тым қашық екенін деескерген жөн (1500 км).  Қалай болғандада, ведомство басшысы мен облыстық білім басқармасындағылардың мәліметібір-бірімен сәйкеспейді.


Гүлмира ҚАЖЫБЕКҚЫЗЫ Алматы облыстық білім басқармасыкүрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы:"Қыркүйекайына дейін 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Оның үшеуінің құрылысы аяқталған.Қалған 600 орындық 2 мектептің құрылысы күзде бітеді. Үш ауысымдық мектептердіңмәселесін шешуге бағытталған кешенді жоспарға сәйкес, тағы 6 мектептіңжоба-сметалық құжаттары мен мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.  18 мектептің жоба-сметалық құжаттарыдайындалып жатыр.  Оны 19-22 жылдараралығында салуды жоспарлап отырмыз".

Биыл Алматыоблысында 1-сыныпқа  50 мыңға жуық оқушықабылданады деп күтіліп отыр. Мүның үш ауысымды мектептердің мәселесіне әсеретпей қоймайтыны анық. Дегенмен, жауаптылардың сөзіне  сенсек, Жетісудағы оқушылар да, олардықабылдайтын мектептер де жаңа оқу жылына тас түйін дайын.  Өңірде 760 мектеп бар және олардың барлығыинтернет желісіне қосылған.  «Алматыоблысында 2019 жылы 31 білім беру нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына  7,8 миллиард теңге бөлінген екен.  Сондай-ақ, тағы 19 білім ордасының  құрылысы жүріп жатыр.  Оған республикалық бюджеттен 4.4, жергіліктібюджеттен 5,5 миллиард теңге қарастырылған» дейді, -  облыстық білім басқармасы басшысыныңорынбасары.  Одан бөлек, оқу жылыныңқарсаңында өтетін «тамыз кеңесіне» де облыстық бюджеттен 12 миллионнан астам теңге бөлінген екен. 500 мұғалімге арнап өткізілетін бір реттікшараны өткізуге осынша қаражат жұмсап жатқан басқарманың жаңа мектептертұрғызуға мүмкіндігі жоқ емес екені анық сияқты.


Майгүл ОМАРОВА Алматы облысы білім басқармасы басшысыныңорынбасары:" Облыстағы барлық білім беру ұйымдары оқулықпен 60 пайызқамтылып отыр. 2019-2020 оқу жылына жалпы және арнайы білім беру ұйымдарынаоқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін сатып алуға 4,9 миллиард теңге бөлінді.Жалпы, оқу жылына 100 пайыз дайынбыз деп айтуға болады".

 Мамандардың мәліметіне сәйкес, биыл қатты отынсатып алуға 208 миллион теңге, сұйық отын сатып алуға 4 миллиард теңгеден астамқаржы бөлінген (19 миллион  331 мың литрсұйық отын сатып алу жоспарланған).  Облыстағыбілім беру мекемелері әртүрлі отын көзімен жылытылады. Оның ішінде сұйықотынмен — 533, орталық жылыту жүйесімен — 173, табиғи газбен — 175, қаттыотынмен — 150, пелет отынмен — 40 және электр қуатымен жылытылатындардың саны- 2.

Фотолар: holanews.kzжәнеавтордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16