Алматы облысы: Жылына бір-ақ рет таза су ішеміз

25.07.2019, 21:26

5

Алматы облысы әкіміАмандық БАТАЛОВ өз есебінде облыста елді мекендерді орталықтандырылған суменжабдықтау жүйесі 89,6 % қамтылғанын айтыпмақтанған-ды. Алайда, облыс халқы ауызсуға зар болып отыр. Шалғайдағы емес,Алматы іргесіндегі Талғар, Қарасай ауданына қарасты ауыл халқы әкімдерге шағымайтудан іс өнбейді дейді.

Алматы облысы Қарасайауданына қарасты  Жаңатұрмыс ауылынажылдың бір-ақ мезгілінде таза су келеді. Шілденің шіліңгір ыстығында даауызсусыз қалған тұрғындар жауапты мекемелердің есігін тоздырғанымен еш нәтижеболмаған. Тау суына тәуелді халық «Көктем мен күзде лай су ағады. Ал жаздаол да жоқ. Қыста ғана су іше аламыз», деп шырылдайды.

«Мамырдан бері сусыз отырмыз. Алайда, бұл біз үшінжаңалық емес. Жылда солай. Менің тұрып келе жатқаныма он шақты жыл болды. Әлісол әңгіме. Бізге келетін кәдімгі таудың табиғи суы. Ағып келіп тұрған судыбізге жеткізуге қандай кедергі болып тұрғанын білмеймін.Қай ғасырда тұрамыз?Алматыда су жоқ деген мүлдем масқара. Әкімшілік кінәні өзімізге жаба салды.Үнемдемегендіктен сусыз отыр екенбіз. „Бақшаларыңа су көп кетіпжатыр“ дегенде жағамды ұстадым. Қайдағы бақша? Ішуге су таппай отырмыз.Бұл әкімдікке жетудің өзі қиямет. Ауылдағы белсенді азаматтар осы мәселебойынша бұрын да бірнеше рет барған. Алайда, хатшылары біресе жиналысты, біресебасқа сылтауын айтып шығарып салады,» — дейді Жаңатұрмыс ауылының тұрғыныАсқар ҚЫРЫҚБАЕВ «ЖасАЛАШ»тілшісіне.

Ал тұрғындардың бұлмәселесіне қатысты «Тау самалы» МКК басшысы Бауыржан АЙНАҚҰЛОВ:

«Қазір қатты ыстыққа байланысты су азайып жатыр. Адам көбейіпжатыр. Су азайып жатыр», — деп пікір білдіріпті.

Алматы аумағы ұлғайғандатау құбыры қала меншігіне өткен. «Тау самалы» мекемесі де суға билік жүргізуүшін енді қалаға тәуелді екендіктерін айтады.

Айта кетейік, бұл сусызотырған бір ғана ауыл емес. Айтпақшы, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ дәлосы ауызсу мәселесін шешуді үкіметке тапсырған еді. Әзірге Тоқаев тапсырмасыныңтолық орындалмай жатқанын көріп отырмыз.

Фото: khabar.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34