Алматы облысында 35 шақырым жол 2 жыл бойы жасалып келе жатыр

20.08.2019, 20:59

3

Талдықорған-Өскеменреспубликалық тас жолынан бастау алатын Балқашқа барар жолдың ұзындығы 141 шақырым. Көл жағалауындағы туризмдідамыту мақсатында 2017 жылдың желтоқсан айында жолға күрделі жөндеу жүргізіле бастады.Алматы облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасы  141 шақырым жолдың құрылысына 30 миллиардтанастам теңге бөлінетінін айтып отыр.

Күрделі жөндеудіңұзаққа созылуы көлге қатынайтын туристер мен жолай орналасқан 5 (Көлтабан, Егінсу, Матай, Лепсі, МұқанТөлебаев) ауылдың халқына қиындық келтіріп жатыр. Мәселен, 2 жыл бойы 35шақырым жолдың құрылысын аяқтай алмай келе жатқан «ЖОЛ» ЖШС-іөкілдері Көлтабан ауылындағы шаруалардың егістігіне рұқсатсыз басып кірген.


«Мердігерлер ауыл тұрғындарының егістікалқабына басып кірді. Менің 1 гектар жерім арқылы қазір айналма жол салып жатыр.Сонда біз адам емеспіз бе?  Тізеден қырыптастады. Жер кодексінде «жердің қыртысын бұзуға болмайды» делінген. Ал, оны бұзыпкеткеннен кейін, ол жерден қандай өнім алам? Неге бізден рұқсат сұрамайды? Неге біздің жерімізді біреулер заңсызпайдалануы керек? Мердігер компанияның өкілдері қайда барсаң, онда бар депқоқан-лоққы көрсетіп отыр. Әкімнің де шамасы келмейді»,  дейдіКөлтабан ауылының тұрғыны Әділ ӘБДІРАҚЫНОВ.


Әбігерге түскенжолаушылар мен ауыл тұрғындарының сөзіне сенсек, мердігерлер құрылысты сағызшасозып келеді. Онсыз бола ма. Құрылыс нысандарын үнемі уақытынан кешіктіріптапсыру қазақстандық компаниялардың айрықша қыры емес пе! Бас жоспарға сай 2017жылы басталған жолдың 110 шақырымы 2021жылға дейін аяқталады делінген. Оған қазынадан бақандай 27 миллиард теңгеқарастырылған екен. Алайда, 2 жыл өтсе де тек екі жарым шақырымға екі қабаттыасфальт төселген. Енді 110 шақырымды 2021-ші жылға дейін аяқтау үшін мердігерлер қандай жылдамдықпен жұмыс істеу керектігін есептей беріңіз.


«Жол жөндеу жұмысы өте баяу. Талдықорғаннан Лепсіге аптасына 2 ретқатынаймын. Жолға қырлы тастарды төгіп тастаған. Соның кесірінен бірнеше ретдөңгелек жарылды. Жолда көлге бара жатқан демалушылардың көлігі сынып жатады.Ондайға талай куә болдық.  Жұмыс жасапжатқан ешкімді көрмеймін. 2-ші жылға кетіп бара жатыр ғой. Айналдырған 35шақырымды жасап біте алмай жатыр. Жұмыс жасайын деген ниеттері жоқ ешқайсының.Жолды шашып қойып, енді жатыр. Жұмыстарынан еш нәтиже көрмедік.  Ойқыш-ұйқышжол — жолаушыны да, көлікті де шаршатып бітті», — дейді Лепсі ауылына азық-түлік жеткізіп жүрген көлік жүргізушіКүмісбек ЖАҚСЫБЕКОВ.

Жол бойынан қазіртек салынған өткелдер мен көпірлерді ғана көруге болады. Алайда, оның өзі толықорнатылып бітпеген. Жұмыс істеп жатқан техниканың 5-уін ғана кездестірдік.  Жол бойындағы ауыл тұрғындарыныңсөзінше, күре жолдың құрылысына бархан құмы пайдаланылып жатыр.

Ал, жол жөндеушілерқұмды тек айналма жол салуға пайдаланатындарын айтып ақталды. Тапсырысберуші облыстық автомобиль жолдары мен жолаушылар тасымалыбасқармасындағылардың сөзіне сенсек, Талдықорған-Лепсі бағытындағы жол 3 кезеңбойынша жөнделмек. Ал, жол құрылысының ұзаққа созылуын басқарма басшысыныңорынбасары былай түсіндірді.


Ғалымжан ДӘРІБАЕВ, Алматы облыстық жолаушылар көлігі жәнеавтомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:«Негізі, жолды2021 жылға дейін толықтай аяқтауды жоспарлағанбыз. Біздің басқарманың жалпыбюджетінің өзі 20 миллиардқа жетер-жетпес. Ал бұл жобаның құны  30 млрд. теңге төңірегінде болып тұр ғой.Енді, бұл жобаның қашан бітетіні қаражаттың бөлінуіне байланысты. Сондықтан,қазір құрылысы жүріп жатқан нысанды (35 км) 2021 жылға дейін аяқтасақ дегенжоспар бар».


Жырға айналған жолмәселесі қазір Балқашта туризмнің дамуына мүмкіндік бермей тұр. Күрделі жөндеужұмыстары басталғалы көлге келетін демалушылар саны да біршама азайған.


«Бұрын бұл уақытта көлде демалушылар көп болатын. Жолға байланысты келушілер күрт азайды. Өздеріңіз көріп отырғандайқазір Балқашта ешкім жоқ. Ал, көл жағасындағы сервис туралы айтудың өзі артық.Мұнда ауыз толтырып айтатын ештеңе жоқ», — дейді Балқаш көліне шомылуға келген Лепсі тұрғыны МырзахметСЕЙІТХАНОВ.

Жол құрылысынтолығымен аяқтау мәселесі қомақты қаражатқа тіреліп тұр. Егер 3 жылда 35шақырым аумақ жөнделсе, қалған 100 шақырымын ретке келтіру жұмыстары қаншауақытқа созылатыны беймәлім.


Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13