Алматы облысында 600 мыңға жуық адам спортпен айналысады

25.10.2018, 23:22

7

Ресми ақпаратқа сүйенсек Алматы облысында спортпен жүйелі түрде 572 756 адам шұғылданады. Яғни, облыс тұрғындарының 28,4 пайызы салауатты өмір салтын ұстанады деген сөз. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім етті. Демек, Алматы облысы Мемлекет басшысының бұқаралық спортпен шұғылданушы халықтың санын 30 пайызға дейін жеткізу туралы міндетін облыс деңгейінде орындауға жақын қалып отыр. Осы ретте, облыстың барлық аудандары мен қалаларында да аталған мақсат аясында жүйелі жұмыстардың жүріп жатқанын айта кеткен жөн.Айталық, бүгінде өңірде дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін               3439 бірлік спорттық құрылымдар жұмыс жасайды. Соның әсерінен қазірде жетісулықтар айналысатын спорт түрінің саны да барынша арта түскен. Мәселен, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 32089 спортшы 51 спорт түрімен шұғылданады. Ал облыстық спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаттарында 604 оқушы 12 спорт түрімен,  олимпиадалық резерв дайындау орталығында 126 спортшы 8 спорт түрімен, жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде 362 спортшы 18 спорт түрімен айналысуда.Облыстық басқарма басшысы Нұрбақыт ТЕҢІЗБАЕВТЫҢ айтуынша, облыста спортпен айналысуға барлық жағдайлар жасалып отыр: -Алматы облысы әкімінің өкімімен республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге жеткен облыстың 72 үздік спортшысына және 31 мүгедек спортшысына 30 мыңнан 300 мыңға дейін облыс әкімінің ай сайынғы сыйақысы төленуде. Соның нәтижесінде, бұл салаға өңір тұрғындары тарапынан қызығушылық пен талпыныс та жоғары. Биыл – 2018 жылдың басынан 34 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 87 спорт шебері және 685 спорт шеберлігіне үміткер және 446 бірінші дәрежелі спортшы дайындалды, халықаралық және республикалық жарыстарда 1399  медаль, яки, 504 алтын, 420 күміс және 475 қола жеңіп алынды, – дейді Н. Теңізбаев.Облыстың аудандары мен қалаларында дене шынықтыру және спортты насихаттау үшін спорт түрлерінен спартакиадалар, турнирлер мен біріншіліктер өткізіліп тұрады.Жыл басынан облыс аумағында волейболдан 2000-2001, 2004-2004 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар  арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты, баскетболдан Алматы облысының чемпионаты, волейболдан 2000-2001, 2001-2004 жылдары туылған жасөспірім Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты, джиу-джитсу профи файттан жастар, жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында облыстық чемпионат, қазақ күресінен жастар, ерлер мен әйелдер арасында Алматы облысының чемпионаты, дзюдо күресінен 1997-1998 ж.т. жасөспірімдер арасында «Қысқы демалыс» күндеріне арналған республикалық турнирі өтті.Сондай-ақ, садақ атудан Алматы облысының чемпионаты, еркін және грек-рим күресінен 2001-2003, 2004-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты, шаңғы жарысынан Алматы облысының спартакиадасы, бокстан 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты, әйелдер күресінен 1997-1999 ж.т. жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты, дзюдо күресінен «Наурыз» 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасында республикалық турнир, футболдан жасөспірімдер арасында «Көктемгі демалыстар» облыстық турнирі, дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты сынды арнайы шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.Күнтізбелік жоспарға сәйкес облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, байрақты бәсекелерде ел намысын қорғауда.Фото: facebook.com
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 11:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 18:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 14:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 14:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 13:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 16:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30