Алматы облысында 8 ауылдың аты ауысады
Алматы облысына қарасты 8 ауылдық округтің атауын өзгерту жоспарланып отыр.
Әкім қаулысы мен өңірлік маслихаттың бірлескен шешімі Ашық НҚА порталында талқылауға шықты.
Құжатқа сай Алматы облысындағы мына ауылдардың атауы өзгереді:
Іле ауданы:
— Энергетический ауылдық округі — Өтеген батыр ауылдық округі;
— КазЦИК ауылдық округі — Асқар Тоқпанов ауылдық округі.
— Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы — Кенен Әзірбаев ауылы;
— Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылы — Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы;
— Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылы — Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы;
— КазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы — Жайнақ ауылы болып өзгереді.
Талғар ауданы:
— Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы — Жібек жолы ауылы болып аталады.
Кеген ауданы:
— Жалаңаш ауылдық округі Жалаңаш ауылын Жалағаш ауылына.
Ашық талқылау 28 шілдеге дейін жалғасады.