15.09.2019, 18:00
72
15 қыркүйекте кешкі 19.00 шамасында Алматы облысы Шамалған станциясында автобус пен пойыздың соғылғаны хабарланды, соңғы мәлімет бойынша кемінде екі адам қаза тапқан, 9 адам жараланған.
Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері, тиісті сала басшылары жеткен. Ресми орындар жақын арадағы ауруханалардың күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкенін хабарлады.
«15 қыркүйекте кешкі 19.20 шамасында Екатеринбург — Алматы автобус жолының 2449 шақырымында (Шамалған станциясы) автобус жүргізушісі сигналға қарамастан темір жолға шығып кеткен» делінген индустрия және инфрақұрылымдық даму министлігінің баспасөз хабарламасында.
(Жаңалық толықтырылады).
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР