Алматы облысында автобус пен пойыздың соғылғаны хабарланды: Кемінде бір адам қаза тапқан

15.09.2019, 19:00

80

15 қыркүйекте кешкі 19.20 шамасында Алматы облысы Шамалған станциясында автобус пен пойыз соғылған. Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің Азаттыққа айтуынша, автобус жүргізушісі қаза тапқан.

Жергілікті билік орындарына сілтеме жасаған кейбір агенттіктер 9 адамның зардап шеккенін хабарлады. Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, зардап шеккендер саны одан да көп болуы мүмкін.

"Әзірге зардап шеккендер саны туралы нақты дерек жоқ. Біраз күту керек" деді ол.

Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері, полиция, билік өкілдері жеткен. Ресми орындар жақын арадағы ауруханалардың күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкенін хабарлады.

«15 қыркүйекте кешкі 19.20 шамасында Екатеринбург — Алматы автобус жолының 2449 шақырымында (Шамалған станциясы) автобус жүргізушісі сигналға қарамастан темір жолға шығып кеткен» делінген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Әлеуметтік желіде «оқиға орнынан түсірілген» видеолар тарап жатыр:

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

(Жаңалық толықтырылады).

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51